Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жыл басынан бері Ресей ауқаттылары 45,5 млрд доллар байлығын жоғалтты

Жыл басынан бері Ресей ауқаттылары 45,5 млрд доллар байлығын жоғалтты

Ресей. 3 мамыр. 7kun.kz – 2022 жылдың басынан бері Ресейдің 23 миллиардері 45,475 млрд доллар жоғалтты. Мұндай деректі миллиардерлер рейтингін анықтайтын Bloomberg Billionaires Index (BBI) жариялады, деп хабарлайды 7kun.kz.

2 мамырдағы жағдай бойынша олардың жалпы байлығы $328 млрд болды. ВВІ рейтінгіне әлемнің ең дәулетті 500 адамы кіреді. Олардың байлығы компаниялардағы үлесімен есептеледі.  

Ең көп ақша жоғалтқан НОВАТЭК пен «Сибур» иелерінің бірі Геннадий Тимченко. Оның байлығы 6,98 миллиард долларға азайды. Бизнесмен Украина аумағында арнайы операция аясында Батыс санкцияларына түскеннен кейін екі компанияның да директорлар кеңесінен шықты. 7 сәуірдегі жағдай бойынша Тимченкоға Сибурдағы акциялардың 14,45% және НОВАТЭК акцияларының 23,5% тиесілі болды. Bloomberg мәліметтері бойынша, миллиардер "Трансойл" теміржол компаниясының 80% және Ресейдің "Стройтрансгаз" құрылыс компаниясының 52% - ына иелік етеді. Қазіргі уақытта оның байлығы 15,5 миллиард долларды құрайды. 2021 жылдың қазанында Тимченко дәулеті 24,6 миллиард долларға жеткен.

НОВАТЭК пен «Сибурдың» келесі қожайыны Леонид Мишельсонның байлығы 2022 жылы 6,48 миллиард долларға азайды. 2021 жылы 13 қыркүйекте оның мөлшері 34,5 миллиард долларға жеткен, дейді Bloomberg.

28 Ақпанда Тимченко, «Северсталь» басшысы Алексей Мордашов, «Альфа» компаниялар тобының негізін қалаушы Михаил Фридман және Альфа Банк Директорлар кеңесінің төрағасы Петр Авен, USM Holdings негізін қалаушы Алишер Усманов Еуроодақ санкцияларына ұшырады. Сондай-ақ, 2022 жылдың басынан бастап байлығынан айырылғандар тізімінің бас жағында Алексей Мордашов пен Роман Абрамович бар.

"Северсталь" және "Севергупп" басшысы Алексей Мордашовтың байлығы 5,33 миллиард долларға азайған. Жалпы дәулеті - 23,5 миллиард доллар. Роман Абрамович 5,05 миллиард доллар жоғалтты, ал 2021 жылдың ақпанында оның байлығы 19,6 миллиард долларды құрады. Абрамовичтің «Норильск никелінде» және Лондондағы «Челси» футбол клубында үлесі бар.

Ұқсас материалдар