Ұлттық банктің мәліметінше, 2025 жылдың 11 айында қазақстандық банктердің таза пайдасы 2,5 трлн теңгені құрады.
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,3%-ға жоғары. Былтыр осы кезеңде банктер 2,33 трлн теңге таза пайда тапқан.
Жылдық өсім сақталғанымен, айлық динамикада кері үрдіс байқалады. Тамыздан қарашаға дейін төрт ай қатарынан банктердің таза табысы төмендеген. Тамызда пайда 223,1 млрд теңгеге дейін азайса, қыркүйекте көрсеткіш 186,1 млрд теңгеге құлдырап, жылдық есепте 19%-ға төмендеді.
Ең жоғары өсім маусым айында тіркеліп, таза пайда 235,7 млрд теңгені құрады, бұл бір жылда 30,1%-ға артық. Алайда күз айларында теріс динамика сақталып, қарашада таза пайда 225,9 млрд теңге болғанымен, ол өткен жылғы деңгейден 4,3%-ға төмен қалыптасты.





