2025 жылы «Khorgos Gateway» арнайы экономикалық аймағындағы Құрғақ портта 372 мыңнан астам жиырма футтық балама бірлік (ЖФБ) өңделді.
Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 2%-ға жоғары, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы».
Қазір порт Қытай-Еуропа және Қытай-Орталық Азия бағыттарындағы негізгі транзиттік тораптардың біріне айналды. Өткен жылы мұнда 10 жаңа кең табанды теміржол желісі салынды, сондай-ақ контейнерлерді өңдеу инфрақұрылымы жаңғыртылды. Соның нәтижесінде ауыстырып тиеу уақыты 5 сағаттан 1 сағатқа дейін қысқарды.
Khorgos Gateway – Қытай мен Қазақстанның логистика саласындағы бірлескен ірі жобаларының бірі. Жоба өңдеу өнеркәсібі мен транзиттік әлеуетті арттыруға серпін беріп отыр.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026





