Үкімет Ақтөбе облысында алкогольсіз сусындар шығаратын жаңа зауыт салу жөніндегі келісім жобасын мақұлдады.
Бұл бастама Президенттің өңдеу өнеркәсібін дамыту және инвестиция тарту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асуда. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Жобаның инвесторы – «Кока-Кола Алматы Боттлерс» БК ЖШС. Инвестиция көлемі 41,9 млрд теңгені құрайды, ал жобалық қуаттылығы жылына 280 млн литр өнім болмақ. Кәсіпорын халықаралық стандарттарға сай экологиялық таза өндіріс жүйелерімен және заманауи технологиялармен жабдықталады.
Зауыттың іске қосылуы өңірде 120-дан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Құрылысты бастау 2026 жылға жоспарланған.
Ұқсас материалдар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





