Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Amazon Kuiper спутниктік интернеті Қазақстанда іске қосылады

 Amazon Kuiper спутниктік интернеті Қазақстанда іске қосылады

Қазақстанда Amazon Kuiper спутниктік интернет жобасы іске қосылады.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскимен кездесуінен кейін белгілі болды.

Кездесуде тараптар цифрландыру, байланыс және жасанды интеллект бағыттарындағы ынтымақтастықты талқылады. Президент Тоқаев Amazon-ның Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігімен, сондай-ақ «Қазақтелекоммен» бірлескен жобаларын қолдайтынын жеткізді.

Негізгі бағыттар:

  • Қазақстан аумағында жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету
  • Киберқауіпсіздікті нығайту
  • Қазақстанды аймақтық спутниктік хабқа айналдыру

 Жобаның ауқымы:

  • «Қазақтелеком» мен Amazon Kuiper арасында дистрибьюторлық келісімге қол қойылды
  • Amazon Kuiper жерүсті инфрақұрылымын Алматы, Ақкөл және Ақтау қалаларында орналастыруды жоспарлап отыр
  • Жобаға 200 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салу көзделген

 Президент Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, бұл бастама еліміздің барлық өңірлерінде заманауи телекоммуникациялық қызметке тең қол жеткізу мақсатында жүзеге асырылады.

Дэвид Запольски: «Бұл Орталық Азиядағы біздің алғашқы және маңызды жобамыз. Қазақстан халқына жылдам әрі қолжетімді интернет ұсынамыз. Президент мырзаның цифрландыру бастамасын толық қолдаймыз», – деді.

Ұқсас материалдар