
Қазақстанда Amazon Kuiper спутниктік интернет жобасы іске қосылады.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскимен кездесуінен кейін белгілі болды.
Кездесуде тараптар цифрландыру, байланыс және жасанды интеллект бағыттарындағы ынтымақтастықты талқылады. Президент Тоқаев Amazon-ның Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігімен, сондай-ақ «Қазақтелекоммен» бірлескен жобаларын қолдайтынын жеткізді.
Негізгі бағыттар:
- Қазақстан аумағында жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету
- Киберқауіпсіздікті нығайту
- Қазақстанды аймақтық спутниктік хабқа айналдыру
Жобаның ауқымы:
- «Қазақтелеком» мен Amazon Kuiper арасында дистрибьюторлық келісімге қол қойылды
- Amazon Kuiper жерүсті инфрақұрылымын Алматы, Ақкөл және Ақтау қалаларында орналастыруды жоспарлап отыр
- Жобаға 200 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салу көзделген
Президент Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, бұл бастама еліміздің барлық өңірлерінде заманауи телекоммуникациялық қызметке тең қол жеткізу мақсатында жүзеге асырылады.
Дэвид Запольски: «Бұл Орталық Азиядағы біздің алғашқы және маңызды жобамыз. Қазақстан халқына жылдам әрі қолжетімді интернет ұсынамыз. Президент мырзаның цифрландыру бастамасын толық қолдаймыз», – деді.