Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Астанада LRT билеті қанша болады?

Астанада LRT билеті қанша болады?

Астана қаласының әкімдігі жеңіл рельсті көлік – LRT жүйесінде бір реттік жол жүру құнын 200 теңге деп белгілеуді ұсынып отыр.

Тиісті жоба Ашық НҚА порталы сайтында жарияланып, қоғамдық талқылауға шығарылды.

Ұсынылған тариф бойынша:

  • төлем қолма-қол және қолма-қолсыз тәсілмен жүргізіледі;

  • кейбір санаттағы азаматтар үшін тегін жол жүру мүмкіндігі сақталады;

  • жеңілдіктер электронды атаулы көлік картасы арқылы беріледі.

Астана LRT бойынша билет құнына қатысты түпкілікті шешім қоғамдық талқылаудан кейін қабылданады. 

Ұқсас материалдар