Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Атырауда ірі кәсіпорындарға 2,3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

Атырауда ірі кәсіпорындарға 2,3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

Атырау облысында экологиялық заңнаманы бұзған бірқатар ірі кәсіпорынға 2,3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды.

Бұл туралы облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мәлімдеді.

Басқарманың хабарлауынша, 2025 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында өңірде экологиялық талаптардың сақталуына байланысты 21 бақылау шарасы жүргізілген. Оның ішінде 7 профилактикалық, 13 жоспардан тыс тексеру және 1 сәйкестікке тексеріс болған.

Тексеріс нәтижесінде 52 заңбұзушылық анықталып, 19 нұсқама берілген. Барлық нұсқамалар орындалып, 121 әкімшілік іс қозғалған. Жалпы сомасы 2 млрд 360 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Басқарма мәліметіне сәйкес, бірнеше ірі кәсіпорынның қоршаған ортаға теріс әсер еткені белгілі болды. Атап айтқанда:

  • «ANACO» ЖШС экологиялық рұқсатсыз шығарындылары үшін 897 млн теңге айыппұлға тартылған. Компания сотқа жүгінгенімен, шешім өзгеріссіз қалып, айыппұл өндірілді.

  • «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС нормативтен тыс ластаушы заттар шығарғаны үшін 28 млн теңге айыппұл төлейді.

  • «Потенциал Ойл» ЖШС7,2 млн теңге,

  • «Petrocraft» ЖШС1,25 млрд теңге көлемінде айыппұл арқалады.

«Барлық заңбұзушылық бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кейбір іс бойынша айыппұл өндіру жұмыстары жалғасуда. Экологиялық бақылау мен мониторинг тұрақты түрде жүргізіліп отырады», – деді Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері.

Ұқсас материалдар