«Даму» қоры 2020 жылы субсидияландыру бойынша 5000 өтінімді онлайн мақұлдаған
«Даму» Қорына 2020 жылы «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы пайыздық сыйақыны субсидиялау бойынша келіп түскен өтінімдердің 96,7% онлайн берілген. Бұл туралы
«Даму» Қоры хабарлады.
Салыстыру үшін айтсақ, 2019 жылы электронды үкімет порталы арқылы жіберілген 678 жоба немесе барлық өтінімдердің 28% мақұлданған. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 90,5% құраған.
Сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Даму» Қорына келіп түскен электронды өтінімдер саны 1,3 есеге, 2019 жылғы 24,3 мыңнан 32,5 мыңға ұлғайған.
Қордың хабарлауынша egov.kz-тегі кәсіпкерлікті қолдаудың электронды форматы адамдардың қатысуын азайтып, кәсіпкерлерге ыңғайлы әрі қауіпсіз болған. Бұл әсіресе өңірлердегі кәсіпкерлер үшін айтарлықтай қолайлылық тудырып отыр.
Түскен өтінімдер бойынша шешім қабылдау да айқын, кәсіпкер барлық әрекетті жеке кабинеті арқылы қадағалай алады. Онлайн қызмет көрсету пандемия кезінде барлық тараптар үшін ыңғайы болғаны байқалады. Мұның арқасында микро, шағын және орта бизнес мемлекет тарапынан көмекті дер кезінде алған.
«Даму» қорында өтінімдерді мақұлдау ғана электронды форматқа көшірілмеген. 2019 жылы енгізілген субсидиялау бойынша шарттарға электронды цифрлы қолтаңба арқылы қол қою да құжаттады бір күнде бекітуге мүмкіндік берген.
2020 жылы ЭЦҚ арқылы қол қоюға сұраныс 10 есеге артып, 11 000 астам шарт пен қосымша шарттарға қол қойылған.
«Даму» қорының үрдістерінің барынша автоматтандырылуы өтініштерді ғана емес жалпы қызмет алушыларға қызмет көрсетуді жеделдеткен. Мысалы, қор тарапынан займдарды субсидиялау бойынша өтініші қарау мерзімі 5 күннен аспайды, ал субсидяиланған займдарды қайта құрылымдау 1 күнге дейін қысқартылған. Автоматтандырудың аясында қор әкімшілік шығындарын азайтып, қызметкерлер санын оңтайластырған.
Бұған дейін «Даму» қоры 2020 жылы микро, шағын және орта бизнеске 1,6 трлн теңге көлемінде қолдау білдіргені туралы хабарлаған еді. 2019 жылы бұл көрсеткіш 612,0 млрд теңгені құраған. Өткен жылы қор бұл көрсеткіш 2,6 есеге ұлғайған.
Оның ішінде 14 697 жоба 1 197,1 млрд теңгеге қайта субсидияланған. Бұл бағытта «Бизнестің жол картасы» (БЖК) бойынша 838,4 млрд теңгелік 14 262 жоба, мұның ішінде экономиканың зардап шеккен салаларындағы 8 454 жобаға 426,8 млрд теңге бағытталған. 275,2 млрд теңгелік 7 330 жоба қайта кепілдендірілген. Оның ішінде БЖК аясында 6 782 жоба 214,8 млрд теңгелік қолдау алған.
Анықтама:
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ ( «Даму» Қоры ), «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингінің» еншілесі. 1997 жылы «Бизнестің жол картасы 2025» кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасының аясында қаржылау қолдауды жүзеге асыру және мониторинг жасау бойынша қаржылық агент ретінде құрылған.