Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Елімізде жер комиссияларының жұмысы тоқтатылады

Елімізде жер комиссияларының жұмысы тоқтатылады

Қазақстанда жер қатынастары саласындағы рәсімдерді оңтайландыру мақсатында жер комиссияларының қызметі тоқтатылады.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер және су ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, келесі жылдан бастап жер беру мәселелері бойынша шешім қабылдайтын комиссиялар жұмысын доғарады. Енді азаматтар жерге қатысты мемлекеттік қызметтерді ХҚКО арқылы немесе электронды форматта ала алады.

Барлық рәсімдер цифрлық жүйеге көшіріледі. Бұл азаматтарды комиссия отырыстарына қатысу және қосымша құжат жинау міндетінен босатады.

Сондай-ақ, жер ресурстары туралы ақпараттың ашықтығын арттыру мақсатында jerkarta.kz платформасында жер телімдері, жер пайдаланушылар және жердің нысаналы мақсаты жөніндегі деректер қолжетімді.

Айта кетейік, 2026 жылдың қаңтарынан бастап жер қатынастары саласында үш жаңа мемлекеттік қызмет іске қосылды. Соның бірі – жерді жалға алу құқығын ұзарту, бұл қызмет қазір толық автоматтандырылған және онлайн түрде жүзеге асырылады. 

Ұқсас материалдар