Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан май өнімдері экспортын 1 млрд долларға жеткізуді көздейді

Қазақстан май өнімдері экспортын 1 млрд долларға жеткізуді көздейді

Астанада 2026-2028 жылдарға арналған май өнімдері экспортының даму жөніндегі Жол картасы таныстырылды.

Шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы, мемлекеттік органдар, өңдеуші кәсіпорындар және халықаралық серіктестер қатысты.

Вице-министрдің мәліметінше, соңғы жылдары майлы дақылдар алқабы 3,9 млн гектарға дейін ұлғайып, өңдеу көлемі 700 мың тоннадан асқан. Экспорт 29% өсіп, 582 мың тоннаға жетті. Қолдау шараларының арқасында Қазақстан күнбағыс майын экспорттау бойынша әлемнің үздік ондығына кіріп, ЕО-ға күнбағыс шроты жөнелтуде 3-орынды иеленіп отыр.

Жол картасы ITC, QazTrade және салалық қауымдастықтармен бірлесіп әзірленген. Құжат май өнімдері экспортын 1 млрд долларға дейін ұлғайтуды, өткізу нарықтарын кеңейтуді және терең өңдеуді дамытуды көздейді.

Дөңгелек үстелде мемлекет пен бизнес ынтымақтастығын арттыру үшін арнайы мемлекеттік-жекешелік платформа құру туралы шешім қабылданды.

Ұқсас материалдар