Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Моңғолия арасында бажсыз сауда басталады

Қазақстан мен Моңғолия арасында бажсыз сауда басталады

Мәжілісте Еуразиялық экономикалық одақ пен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы заң жобасы қаралды.

Құжатты Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Жанель Кушукова таныстырды.

Оның айтуынша, келісім ЕАЭО елдері мен Моңғолия арасындағы 367 тауар позициясы бойынша импорттық кедендік баждарды жоюды көздейді. Келісім үш жыл мерзімге жасалып, кейін автоматты түрде тағы үш жылға ұзартылады.

Алғашқы кезең аяқталған соң тараптар еркін сауда аймағын құру жөнінде келіссөз бастауды жоспарлап отыр. Сонымен бірге құжатта техникалық, санитарлық және фитосанитарлық талаптар, кедендік ынтымақтастық пен ішкі нарықты қорғау тетіктері қамтылған.

Жанель Кушукованың айтуынша, бұл келісім қазақстандық өнімдердің Моңғолия нарығына шығуына қолайлы жағдай жасап, экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Заң жобасы республикалық бюджеттен қосымша шығынды талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық тәуекел тудырмайды.

Мәжіліс депутаттары заң жобасын талқылап, оны мақұлдады.

Ұқсас материалдар