Жаңалықтар
Қазақстан мен Вьетнам мұнай-газ саласы бойынша ынтымақтастықты нығайтады

Тараптар екіжақты ынтымақтастық, инвестициялар тартудың өзекті мәселелері, сондай-ақ геологиялық барлау бағытында бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.
ҚМГ вьетнамдық PVEP-ге 2025 жылға арналған роудшоу аясында жаңа геологиялық барлау жобаларына қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
- ҚазМұнайГаздың еліміздегі геологиялық барлау жобаларына халықаралық инвестициялар тартудың оң тәжірибесін ескере отырып, біз 2025-2027 жылдары әлеуеті жоғары жаңа жобаларға озық сейсмикалық зерттеу жүргізу үшін стратегиялық серіктестерді іздестірудеміз, – деді А.Хасенов.
Өз кезегінде вьетнамдық тарап Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға және геологиялық барлау саласындағы перспективалы жобаларға қатысуға мүдделі екенін растады.
Сондай-ақ тараптар мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.