Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

​Қазақстан мен Вьетнам мұнай-газ саласы бойынша ынтымақтастықты нығайтады

​Қазақстан мен Вьетнам мұнай-газ саласы бойынша ынтымақтастықты нығайтады
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов вьетнамдық Petrovietnam Exploration Production Corp. компаниясының президенті Нгуен Тьен Баомен кездесті (PVEP, PetroVietnam тобына кіреді), деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

Тараптар екіжақты ынтымақтастық, инвестициялар тартудың өзекті мәселелері, сондай-ақ геологиялық барлау бағытында бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

ҚМГ вьетнамдық PVEP-ге 2025 жылға арналған роудшоу аясында жаңа геологиялық барлау жобаларына қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

- ҚазМұнайГаздың еліміздегі геологиялық барлау жобаларына халықаралық инвестициялар тартудың оң тәжірибесін ескере отырып, біз 2025-2027 жылдары әлеуеті жоғары жаңа жобаларға озық сейсмикалық зерттеу жүргізу үшін стратегиялық серіктестерді іздестірудеміз, – деді А.Хасенов.

Өз кезегінде вьетнамдық тарап Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға және геологиялық барлау саласындағы перспективалы жобаларға қатысуға мүдделі екенін растады.

Сондай-ақ тараптар мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Ұқсас материалдар