
Астанада «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасы Асхат Хасенов Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесті.
Тараптар мұнай-газ саласындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Әңгіме барысында геологиялық барлау, өндіру, өңдеу, мұнай-химия, цифрландыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері көтерілді.
2025 жылғы наурызда қол қойылған келісім аясында бірлескен жұмыс тобы құрылып, геологиялық деректермен алмасу жүріп жатыр. Екі ел желілік алкилбензол өндірісін іске қосу және полимерлерді өңдеу жобаларын қарастыруда.
Сонымен қатар, ҚМГ электрондық рұқсат жүйесін таныстырса, Өзбекнефтегаз өкілдері KPI зауытында жаңа цифрлық шешімдермен танысты.
Кездесу қорытындысында тараптар барлық негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.