2025 жылы екінші деңгейлі банктер берген несиелер көлемі 19,8%-ға өсіп, 24,8 трлн теңгеге жетті.
Алайда бұл көрсеткіш 2024 жылғы 23,9%-дық өсіммен салыстырғанда төмен. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.
Ведомство дерегінше, ипотекалық несиелер 14,6%-ға артып, 6,9 трлн теңгені құрады. Ал тұтынушылық қарыз көлемі 21%-ға өсіп, 16,7 трлн теңгеге жеткен.
Кепілсіз тұтынушылық несиелердің өсім қарқыны бір жылда 29,3%-дан 14,5%-ға дейін баяулаған. Жаңа кепілсіз несие беру көлемі екі есеге қысқарып, 22,6%-дан 6,1%-ға төмендеді.
Тұтынушылық несиелеудің негізгі драйвері автонесиелер болды. Бұл сегмент 42,4%-ға өсіп, 4 трлн теңгеге жеткен.
Сонымен қатар ұлттық валютадағы заңды тұлғаларға берілетін несиелердің орташа пайыздық мөлшерлемесі 19,7%-дан 21,4%-ға дейін көтерілсе, жеке тұлғалар үшін 17%-дан 18,3%-ға өсті.





