Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда Инвестбанк құрылады

Қазақстанда Инвестбанк құрылады

Қазақстанда инвестициялық банк құру жоспарланып отыр. Бұл туралы компания өкілі Айдар Уразақов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл компанияның стратегиялық мақсаттарының бірі.

«Мақсатымыздың бірі – шағын және орта бизнес өкілдеріне қор нарығына шығу мен қаржыландыру алуға мүмкіндік беру», – деді Уразақов.

Спикердің сөзінше, жаңа құрылым корпоративтік және бөлшек клиенттермен жұмыс істейтін болады.

Алайда, қазіргі заңнамаға сәйкес, Қазақстанда «банк» атауын тек екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) ғана қолдана алады. Сондықтан "инвестбанк" атауы шартты түрде айтылып отыр.

«Біз бұл атауға қандай мән береміз? Бұл BCC Invest сияқты институт құру. Яғни, ірі және орта бизнеске де, қарапайым азаматтарға да қызмет көрсететін қаржылық инфрақұрылым жасау. Олар тек KEGOC немесе басқа ірі компаниялардың облигацияларын сатып алып қана қоймай, нақты бір кәсіпорынның бизнесіне де қатыса алатын болады», – деді Уразаков.

Қазіргі уақытта компания тиісті механизмдер мен инфрақұрылымды әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жоспар бойынша, инвестбанк 2028 жылы іске қосылады, алайда жұмыс қарқыны жоғары. Уразақовтың айтуынша, жобаның негізгі бөлігі 2026 жылы-ақ жүзеге асуы мүмкін.

Ұқсас материалдар