Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанның экономикалық тұрғыдан өсуі 2024 жылы баяулайды, 2025 жылы жеделдейді

Қазақстанның экономикалық тұрғыдан өсуі 2024 жылы баяулайды, 2025 жылы жеделдейді

Азия Даму Банкі (АДБ) Қазақстанның 2024 жылға арналған экономикалық өсу болжамын қайта қарап, төмендейтінін болжады. Болжамда бұған себеп - жылдың бірінші жартыжылдығында қызмет көрсету секторындағы баяу өсу, мұнай өндіру көлемінің төмендеуі, су тасқыны және инвестициялық белсенділіктің баяулауы деп көрсетілген.

Болжамға сәйкес ағымдағы жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,6% өседі деп болжануда, бұл банктің сәуір айындағы болжамы - 3,8% деңгейінен төмен. Ал 2025 жылы экономикалық өсу қарқыны 5,1% дейін жеделдейді деп күтілуде.  

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында салық түсімдері 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, мұнай баждары мен қосылған құн салығынан түсетін кірістердің қысқаруы аясында төмендеді. Салық түсімдерінің төмендеуі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан (ҚРҰҚ) жоғары трансферттермен өтелді, бұл ретте Үкімет осы кезеңде жоспарланған жылдық трансферттердің төрттен үш бөлігін пайдаланды. ҚРҰҚ-ның Ұлттық банктің трансферттерге Үкіметтің жасалған сұраныстарын қанағаттандыру үшін ұлттық валютаға валюталық түсімдерді айырбастауы ішінара ұлттық валютаның нығаюына алып келді.

"Қазақстанның орта мерзімді кезеңдегі экономикалық өсуінің оң болашағына қарамастан, елдің тұрақты және инклюзивті экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін фискалдық саясаттың сын-қатерлерін шешу қажет", - деді Қазақстандағы АДБ өкілдігінің директоры Утсав Кумар.

Инфляция өткен жылғы 17,2% салыстырғанда, 2024 жылдың алғашқы 7 айында 8,9% дейін баяулады. Ол қатаң монетарлық саясат пен шетел валютасындағы маңызды резервтермен және шикізат экспортынан түсетін кірістермен қамтамасыз етілген тұрақты айырбас бағамы аясында 2025 жылы 6,1% дейін баяулайды деп болжануда. ҚРҰҚ мен Орталық банктің жиынтық қорлары 2024 жылғы маусымдағы жағдай бойынша 100 миллиард АҚШ долларынан асты.

Айта кетейік, Қазақстан 1994 жылы АДБ акционері болды. Сол уақыттан бері АДБ елге мемлекеттік және жеке секторларға қарыздар, гранттар және техникалық көмек түрінде шамамен 7 миллиард АҚШ долларын берді.

АДБ шамадан тыс кедейлікті жою жөніндегі жұмысын жалғастыра отырып, гүлденген, инклюзивті, төзімді және тұрақты Азия-Тынық мұхиты өңіріне қол жеткізу мақсатын ұстанады. АДБ 1966 жылы құрылған. Оның акционерлері 68 ел болып табылады, олардың 49 өңірде орналасқан.

Ұқсас материалдар