Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«ҚазМұнайГаз» бен Chevron 130 млн доллардың келісіміне қол қойды

 «ҚазМұнайГаз» бен Chevron 130 млн доллардың келісіміне қол қойды

 «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уирт кездесу өткізіп, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында «ҚазМұнайГаз» бен «Шеврон Мұнайгаз Инк.» арасында $130 миллиондық келісімге қол қойылды. Құжат жергілікті өндірісті дамыту, мамандар даярлау және заманауи технологияларды енгізу бастамаларын қамтиды.

«ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің айтуынша, бұл келісім Теңіз, Қарашығанақ, Каспий құбыр консорциумы сияқты бірлескен жобалар арқылы ел экономикасына елеулі үлес қосуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Chevron Еуразия президенті Дерек Магнесс келісімнің екі компанияның стратегиялық серіктестігін нығайтып, Қазақстанның энергетикалық болашағына оң әсер ететінін атап өтті.

Ұқсас материалдар