Неміс экономикасы институты (IW) жүргізген статистикалық есептеулерге сәйкес, 2025 жылы Германия әлемдегі үшінші ірі экономика мәртебесін сақтап қалды.
Рейтинг номиналды жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлеміне негізделген. Зерттеу деректеріне қарағанда, көш басында АҚШ-та елдің ЖІӨ көлемі 30,8 трлн долларды құрады. Екінші орында Қытай – 19,5 трлн доллар. Ал Германияның экономикасы 5,1 трлн долларға бағаланған.
Төртінші орынға Жапония (4,4 трлн доллар) жайғасқан. 2024 жылы бұл ел алғашқы үштікке кірген еді.
Сарапшылардың пікірінше, Германия өнеркәсіптік базасының қуаттылығы, білікті кадрлар және ғылыми-зерттеу саласының дамуы арқасында үшінші орнын биыл да сақтауы мүмкін. Дегенмен, алдағы жылдары халқы көп әрі қарқынды дамып келе жатқан Үндістан Германияны басып озуы ықтимал деген болжам бар.





