Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz – Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың сәуіріндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 13 ақпан Мәскеу уақытымен сағат 8:00-дегі бағасы $0,64 (1,03%) көтеріліп, барреліне $63,06 құрады, - деп хабарлайды Интерфакс–Қазақстан.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында наурыздағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) $0,55 (1,34%) қымбаттап, барреліне $53,65 долларды құрады.