
2025 жылғы 28 тамызда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының №49 қаулысымен қарыз шарттарына өзгерістер енгізу тәртібіне қатысты жаңа талаптар бекітілді.
Қаулы 2025 жылғы 30 маусымда қабылданған заңды іске асыру аясында қабылданды.
Құжатқа сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары:
-
халықтың әлеуметтік осал топтарына және төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға,
-
кемінде 3 ай мерзімге берешекті өтеуді кейінге қалдыруды комиссиясыз және қосымша төлемдерсіз ұсынуға міндетті.
Кейінге қалдыру құқығы:
-
егер қарыз алушының соңғы 2 айдағы орташа айлық кірісі алдыңғы 12 аймен салыстырғанда 30%-дан астам төмендесе, немесе
-
егер қарыз алушыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған болса, беріледі.
Сондай-ақ, берешекті реттеу үшін қажетті құжаттардың бірыңғай тізбесі бекітілді. Негізгі құжаттар қатарында:
-
жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама,
-
соңғы 6 айдағы кіріс туралы мәлімет,
-
еңбек шартын тоқтату немесе жалақы сақталмайтын демалыс туралы құжат,
-
уақытша еңбекке жарамсыздық парағы,
-
БЖЗҚ-дан үзінді-көшірме,
-
жүктілік, босану және бала күтімі бойынша демалысты растайтын құжаттар бар.
Жаңа талаптар қарыз алушылардың құқықтарын қорғауға, рәсімдерді жеңілдетуге және негізсіз бас тартуларды болдырмауға бағытталған.