Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Әлеуметтік осал топтар қарызын қалай кейінге шегере алады?

Әлеуметтік осал топтар қарызын қалай кейінге шегере алады?

2025 жылғы 28 тамызда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының №49 қаулысымен қарыз шарттарына өзгерістер енгізу тәртібіне қатысты жаңа талаптар бекітілді.

Қаулы 2025 жылғы 30 маусымда қабылданған заңды іске асыру аясында қабылданды.

Құжатқа сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары:

  • халықтың әлеуметтік осал топтарына және төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға,

  • кемінде 3 ай мерзімге берешекті өтеуді кейінге қалдыруды комиссиясыз және қосымша төлемдерсіз ұсынуға міндетті.

Кейінге қалдыру құқығы:

  • егер қарыз алушының соңғы 2 айдағы орташа айлық кірісі алдыңғы 12 аймен салыстырғанда 30%-дан астам төмендесе, немесе

  • егер қарыз алушыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған болса, беріледі.

Сондай-ақ, берешекті реттеу үшін қажетті құжаттардың бірыңғай тізбесі бекітілді. Негізгі құжаттар қатарында:

  • жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама,

  • соңғы 6 айдағы кіріс туралы мәлімет,

  • еңбек шартын тоқтату немесе жалақы сақталмайтын демалыс туралы құжат,

  • уақытша еңбекке жарамсыздық парағы,

  • БЖЗҚ-дан үзінді-көшірме,

  • жүктілік, босану және бала күтімі бойынша демалысты растайтын құжаттар бар.

Жаңа талаптар қарыз алушылардың құқықтарын қорғауға, рәсімдерді жеңілдетуге және негізсіз бас тартуларды болдырмауға бағытталған.

Ұқсас материалдар