Қаржы
Қазақстанның Ұлттық банкі 16 қарашадан бастап 1 миллиард долларға интервенция жүргізді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.Ұлттық банк 16 қарашадан бастап 1 миллиард долларға валюталық интервенция жүргізген
«Біз 1 миллиард долларға интервенция жасадық (...) 15-16 қарашадан күні кешеге дейін интервенция жасадық», - деді Сүлейменов Астанада өткен брифингте.
Ол интервенциялар айырбас бағамының «жұмсақ болуы» және теңгенің «ыңғайлы жағдайда дұрыс бағамға оралуы» үшін қажет екенін айтты.
«Егер бұл (интервенция – ред.) болмағанда, жағдай әлдеқайда тұрақсыз болар еді. Қазір интервенция жасамаймыз, нарық тепе-теңдікке өзі келеді, деп үміттенеміз», - деді Сүлейменов.
Айта кетейік, 28 қарашадағы жағдай бойынша теңгенің орташа сараланған бағамы сәрсенбіден бастап 2,4%-ға әлсіреді, 512,58 теңге/$1 болды. Ал айырбастау пункттерінде 525 теңгеге дейін жетті.
Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық банкі 2022 жылдың ақпан-наурыз айларында валюталық интервенциялар жасаған болатын.