МҚҰ қызметкерлерінің қарыз алушылармен өзара іс-қимылының жаңа ережесі бекітілді
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібіне, оның ішінде шарттың мазмұнына, ресімделуіне қатысты қаулы қабылдағанын мәлімдеді.
Яғни, агенттік «Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 232 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2025 жылғы 22 қаңтардағы №2 қаулы қабылдағанын хабарлайды.
Қаулы микроқаржы ұйымдары қызметкерлерінің мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылармен өзара іс-қимыл тәртібін белгілеу мақсатында қабылданды.
Мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылармен өзара іс-қимыл телефон арқылы, оның ішінде ұйымның бастамасы бойынша интернет желісінде қоңырау шалу үшін қосымшаларды пайдалана отырып, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңде бір реттен артық емес жүзеге асырылады.
Қарыз алушымен өзара іс-қимыл кезінде оған берілетін ақпарат бойынша талаптар белгіленді, атап айтқанда кредитор мыналарды атап айтуы тиіс:
- ұйымның атауын;
- ұйымның орналасқан жерін;
- өзара іс-қимылды жүзеге асыратын тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), лауазымын;
- шартта көзделген берешектің, негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомалары қалдығының құрылымдарын;
- қарыз алушының шартта, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жауаптылығы және өзге де міндеттемелерін.
Сондай-ақ Қаулымен мынадай жосықсыз әрекеттердің тізбесі енгізілді:
- мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушыға және (немесе) оның өкіліне және (немесе) үшінші тұлғаға ұйым қызметкерінің дәйексіз тектерін, және (немесе) аттарын және (немесе) әкесінің аттарын (ол бар болса), сондай-ақ орналасқан жері және (немесе) лауазымы туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді хабарлау;
- мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушыны және (немесе) оның өкілін және (немесе) шарттың шеңберінде ұйыммен міндеттемелермен байланысты үшінші тұлғаны берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыру;
- өзара іс-қимыл жасалатын адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату не осы адамның мүдделеріне мүліктік зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария ету;
- мерзімі өткен берешекті реттеу және (немесе) өтеу үшін қарыз алушының орналасқан жері және (немесе) байланыс деректері белгіленген жағдайларды қоспағанда, шарттың шеңберінде ұйыммен міндеттемелермен байланысты емес үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау.
Жоғарыда көрсетілген түзетулер 2025 жылғы 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сондай-ақ, Қаулыда № 232 Қаулыны «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде қабылданған түзетулерге сәйкес келтіру бөлігінде түзетулер көзделген, атап айтқанда:
қарыз алушы-жеке тұлға микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініш берген кезде оның ақпараттандыру объектілері арқылы микроқаржы ұйымына жүгіну мүмкіндігі;
микроқаржы ұйымымен микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген кезде, қарыз алушының микроқаржы омбудсманына жүгінуі;
ұйымның қарыз алушыны туындаған мерзімді кешіктіру және қарыз алушы-жеке тұлғаның берешекті реттеу үшін жүгіну құқығы туралы хабардар ету мерзімі күнтізбелік 20 күннен 10 күнге дейін қысқартылды.
Қаулының толық мәтінімен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.