Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мұнайшылардың орташа жалақысы 1,8 млн теңгеден асты

Мұнайшылардың орташа жалақысы 1,8 млн теңгеден асты

Қазақстанда мұнай саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 1,8 млн теңгеден асты.

Бұл туралы Energy Monito телеграм-арнасы хабарлады. Мәліметке сәйкес, 2026 жылдың алғашқы тоқсанында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін 48 мыңға жуық маманның орташа табысы 1,8 млн теңгеден асқан. Көрсеткішке сыйақылар мен салықтар да енгізілген.

Сонымен қатар биыл ең жоғары жалақы бойынша мұнайшыларды темекі өндірісі қызметкерлері басып озған. Бұл саладағы орташа айлық шамамен 2 млн теңгені құраған.

Ал Қазақстан бойынша орташа жалақы көлемі 461 мың теңге деңгейінде қалыптасты.

Өңірлік көрсеткіштерге келсек, көп жылдан бері көш бастап келген Атырау облысы үшінші орынға түскен. Сарапшылар мұны Теңіз кен орнындағы ірі жобаның аяқталуымен байланыстырады.

Қазір ең жоғары орташа жалақы:
Маңғыстау облысында – 659 мың теңге;
Ұлытау облысында – 655 мың теңге.

Ең төменгі жалақы дәстүрлі түрде Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Өңірдегі орташа табыс 326 мың теңгені құрайды.

Ұқсас материалдар