Moody's Ratings (Moody's) халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақстанның «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ), «Қазатомөнеркәсіп» АҚ және KEGOC үшін ұзақ мерзімді эмитент рейтингтерін Baa2-ден Baa1-ге дейін көтерді.
Агенттік сондай-ақ ҚМГ-нің негізгі қамтамасыз етілмеген рейтингтерін Baa2-ден Baa1-ге дейін көтерді: ҚМГ-ның орта мерзімді облигациялық бағдарламасы бойынша басым қамтамасыз етілмеген рейтинг – (P)Baa2-ден (P)Baa1-ге дейін; KazMunaiGaz Finance Sub B.V орта мерзімді облигациялар бағдарламасы бойынша басым қамтамасыз етілмеген рейтингін - (P)Baa2-ден (P)Baa1-ге дейін.
Барлық төрт компания бойынша болжам оңнан тұрақтыға өзгертілді.
Сонымен қатар Moody's сарапшылары «Қазатомөнеркәсіп» пен «KEGOC» АҚ-тың базалық несиелік бағалауын (BCA) baa3 деңгейінде және «ҚазМұнайГаздың» BCA рейтингін ba1 деңгейінде растады. Эмитенттің Aaa.kz ұлттық шкаласы бойынша ұзақ мерзімді рейтингі де расталды.

Айта кетейік, Moody’s Қазақстанның ұзақ мерзімді рейтингін Baa2-ден Baa1-ге дейін көтерген еді. Берілген рейтинг ел тәуелсіздігі жылдарындағы ең жоғарғы көрсеткіш, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.«Бүгінгі рейтингтік әрекеттер 2024 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан үкіметінің ұзақ мерзімді эмитент рейтингтері мен жоғары қамтамасыз етілмеген борыш рейтингтерін Baa2-ден Baa1-ге дейін жоғарылатып, болжамды өзгерткеннен кейін жасалды», - деп түсіндірді рейтингтік агенттік.