Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін ипотека рәсімдеу шарттарын жеңілдетті.
Енді тұрғын үйдегі үлестік меншік (доля) мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға кедергі болмайды.
Бұған дейін қолданыста болған регламентке сәйкес, егер кезекте тұрған азаматтың пәтерде немесе үйде тіпті ең аз үлесі болса да, оған жеңілдетілген ипотекадан да, жалдамалы тұрғын үйден де бас тартылатын. Қаржы институты бұл тәсілді қайта қарап, үлестік меншіктің болуы мемлекеттік қолдаудан айыруға негіз болмауы тиіс деген шешім қабылдады. Осылайша, енді үлесі бар кезекте тұрғандар жеңілдетілген несиелерге өтініш беріп, арендалық тұрғын үй алуға үміткер бола алады.
Банкте бұл шешімнің маңызды бір қырына назар аударды: аталған норма әзірге заңнамалық деңгейде бекітілмеген. Дегенмен, «Отбасы банк» бұл қадамға азаматтардың көп жылғы шағымдары мен өтініштеріне жауап ретінде барған. Себебі көптеген адамдар ата-анасының немесе жекешелендірілген пәтердегі үлесіне байланысты заң жүзінде «тұрғын үймен қамтылған» деп саналса да, іс жүзінде жеке баспанасы болмаған.
Жаңа ережелер 2026 жылдың ақпан айынан бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, Қазақстанда тұрғын үй кезегіне тұру үшін азамат пен оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде ел аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйі болмауы тиіс. Бұған дейін кез келген жылжымайтын мүлік, соның ішінде үлестік меншік те, мұқтаж мәртебесіне сәйкес келмейді деп есептеліп келген. Бұл, мысалы, ата-анасының үйіндегі 1/10 үлеске жекешелендіру немесе мұрагерлік арқылы ие болған, бірақ өз баспанасы жоқ азаматтарға елеулі қиындықтар туғызған еді.





