Бұл туралы Президент Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен жиында айтты.
Президенттің сөзінше, кәсіпкерлерден, соның ішінде «Атамекен» ҰКП-дан құқық қорғау органдарының заңды бизнеске негізсіз қысым көрсететіні жөнінде арыз-шағымдар әлі де түсіп жатыр. Ол Агенттіктің кәсіпкерлермен жұмыс істеу тәсілін қайта қарауды тапсырды.
Президент келтірген дерекке сәйкес, 2025 жылы Қаржылық мониторинг агенттігі қозғаған 2710 істің 1061-і негізсіз деп танылып, тоқтатылған. Мұндай жағдайлар кәсіпкерлерге материалдық және беделдік шығын келтіріп, елдегі инвестициялық ахуалға кері әсер етеді.
«Кәсіпкердің қызметін бірден тоқтата салуға болмайды. Шектеу шаралары тек ерекше жағдайларда және құқық бұзушылық деңгейіне сай қолданылуы тиіс», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен бірге Президент кәсіпкерлердің де заң талаптарын қатаң сақтауы керектігін ескертіп, салықтан жалтару мен алаяқтыққа жол берілмейтінін атап өтті.





