Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Президент Ұлттық банк туралы жаңа ережені бекітті

Президент Ұлттық банк туралы жаңа ережені бекітті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк туралы жаңа ережені бекітті.

Құжатқа сәйкес, енді Ұлттық банктің қызметі мен құрылымы бірқатар өзгерістерге ұшырады.

Ұлттық банк – Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады. Ол елдің орталық банкі ретінде Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін құрайды.

Жаңа ережеде Ұлттық банктің негізгі міндеттері мен функциялары кеңейтілді. Атап айтқанда, Ұлттық банк:

  • мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлейді және жүзеге асырады;

  • төлем жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

  • қаржы жүйесінің тұрақтылығына жәрдемдеседі;

  • валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады;

  • статистикалық қызметпен айналысады;

  • қаржы нарығына, қаржы ұйымдарына және өзге де тұлғаларға мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жүргізеді.

Құжатта сонымен қатар Ұлттық банктің басқару органдарының – төрағаның, басқарманың, директорлар кеңесінің және ақша-несие саясаты комитетінің – өкілеттіктері нақты белгіленген.

Ережеге сәйкес, Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Парламент Сенатының келісімімен алты жыл мерзімге тағайындалады. Сондай-ақ төрағаны қызметінен босату туралы шешімді Мемлекет басшысы қабылдайды.

Президент Жарлығы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Ұқсас материалдар