Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Салық салудың сервистік моделі қалай іске асады? – Министр жауабы

Салық салудың сервистік моделі қалай іске асады? – Министр жауабы

Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында салықты әкімшілендірудің жаңа сервистік моделі қалай жұмыс істейтінін айтып берді.

Оның сөзінше, бұл модель қазіргі «тек бақылауға негізделген» тәсілден бас тартуды көздейді.

Министрдің айтуынша, салық төлеуші жүйеге тіркелген сәттен бастап оның қызметі сервистік сүйемелдеумен қамтылады. Бұл Мемлекеттік кірістер комитетінің екінші деңгейлі банктер мен басқа цифрлық платформалармен интеграциясы арқылы жүзеге асады.

Жаңа модель аясында декларацияларды алдын ала толтыру және автоматты түрде тапсыру, маңызды мерзімдер туралы push-хабарламалар жіберу, сондай-ақ мемлекеттік бажды қайтару мен салықтарды есепке жатқызуды өтінішсіз форматта көрсету жоспарланған.

Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитеті қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелген кәсіпкерлерге электрондық шот-фактуралармен жұмыс істеу, ҚҚС бойынша негізгі талаптар мен декларация тапсыру мерзімдері жөнінде базалық оқыту жүргізетін болады.

Ұқсас материалдар