Сеул. 27 тамыз. 7kun.kz - Оңтүстік Кореяның Samsung Electronics компаниясы келесі жылы өзінің криптовалюта биржасын ашуы мүмкін, деп хабарлайды Market Watch жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Samsung - жақында оңтүстіккореялық жеті компанияның бірі болып реттеушілерге криптовалюта биржасын құруға қажетті лицензиялар алу үшін өтініш берген. БАҚ-ның хабарлауынша, егер рұқсат берілсе, Samsung 2023 жылдың бірінші жартысында жаңа биржа құруды жоспарлап отыр.
Бұл Samsung компаниясының криптовалюта нарығына бірінші қадамы емес. Осы жылдың басында компания өзінің Galaxy смартфондарына криптовалюталық әмиян мүмкіндігін қосты.