«СК-Фармация» есебі: Топ-менеджерлердің табысы бір жылда 18 млн теңгеге өскен

«СК-Фармация» компаниясының топ-менеджерлері 2024 жылы 147,2 млн теңге табыс тапқан.
Бұл сома жалақы, сыйақы және материалдық көмекті қамтиды. 2023 жылмен салыстырғанда (128,7 млн теңге) 18,5 млн теңгеге артық.
Компания қазіргі уақытта ұрлық фактілері бойынша тергеу аясында қаралып жатыр.
2024 жылғы қаржылық есепке сәйкес, негізгі басқарушы құрамда 6 адам болған. Олардың ішінде:
-
Ерхат Искалиев – 2020 жылдан 2024 жылдың маусымына дейін бас директор болды. Ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты қызметтен кеткен.
-
Еркен Жақатай – 2025 жылдың шілдесінен бастап басқарма төрағасы болып тағайындалды.
-
Руслан Нұрмұханов – 2025 жылдың сәуірінде басқарушы директор және басқарма мүшесі болды.
Ал қалған үш басшының аты-жөні есепте көрсетілмеген.
Қазіргі уақытта компанияны Нұрлыбек Асылбеков басқарады.
Еске салсақ, бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек «СК-Фармация» және басқа да фармацевтикалық ұйымдарға қатысты қылмыстық тергеу басталғанын мәлімдеген болатын.