Picodi.com агенттігінің осы жаздағы сауалнамасына сүйенсек қазақстандықтардың 49%-ы шетелде демалғанды құп көреді. Респондентердің арасындағы танымал ТОП-5 елге Ресей, Грузия, Египет, Тайланд және Түркия кірген. Ал осы елдердің ішінде Тайландқа баратын отандастарымыздың қатары жыл сайын өсіп келеді.
Тайландтың мақтанышы - оның аралдары, саяхатшылардың көпшілігі мұнда тек жағажай демалысы үшін ғана келеді. Сондықтан патшалықтың аралдарын толығырақ қарастырған жөн. Алайда, бір мақала аясында әрбір арал туралы айту мүмкін емес, себебі Тайланд аралдарға толы мекен. Сонда да олардың ең үлкені және танымалдарына тоқталайық.
Пхукет. Бұл Тайландтың ең дамыған және танымал ірі теңіз курорты. Ол елдің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Аралда ондаған таза құмды жағажайлар бар. Мұнда келетін туристердің көптігіне қарамастан, Пхукеттің табиғи сұлулығы сол қалпында. Сонымен қатар, Пхукет мейрамханалар, барлар және еуропалық деңгейдегі түнгі клубтардан бастап түрлі-түсті шоу мен аквапарктарды саяхатшыларға ұсынады. Арал кез-келген демалыс үшін қолайлы - бұл жерде белсенді жастар, балалары бар отбасылар және жалғыздық іздеген ғашықтар, тіпті қарт адамдар өздерін қызықтыратын жерді таба алады. Ең бастысы - лайықты жағажайды таңдау.
Пхи-Пхи. Бұл архипелаг Крук провинциясында, Пхукетке өте жақын орналасқан. Егер сіз Тайландқа барсаңыз, онда Пхи-Пхиге экскурсия - бағдарламаның міндетті тармағы. Лагунаның фантастикалық сұлулығы, кішкентай тереңдікте орналасқан коралл рифтері, ұсақ ақ құмдар — мұның барлығы аралды тропикалық жұмаққа айналдырады. Пхи-Пхи де туристерге таптырмас арал, көптеген қонақ үйлер, аурухана, полиция учаскесі мен дүкендер бар. Арал өзінің жағажайдағы кештерімен, отты шоуларымен және шелектегі коктейльдермен танымал. Оны кейде екінші Ибица деп атайды. Тыныштықта демалғысы келетіндерге түнгі ойын-сауықтан алшақ орналасқан жайлы жағажайды таңдап, табиғатта демалуға болады.
Симилан аралдары. Бұл Андаман теңізінің нағыз маржаны. Симилан аралдары Пханг-Нга провинциясына жатады және Тайландтың ғана емес, бүкіл Оңтүстік-Шығыс Азияның әдемі архипелагы болып саналады. Аралдарда қазіргі өркениеттің иісі байқалмайды. Симиланға ұсақ құмы бар ақ жағажайлар, архипелагтың қайталанбас көрінісін жасайтын әсем тастар, көгілдір су, құстар мен толқындардың дыбысы сән береді. Бұл аралдар Пхукетте демалатын адамдар үшін керемет экскурсия орны.
Чанг. Трат провинциясында, Бангкокқа жақын орналасқан Тайландтың екінші үлкен аралы. Үлкендігіне қарамастан, арал іс жүзінде жабайы. Оның аумағының басым бөлігін өтуге болмайтын джунгли алып жатыр, ал ірі қонақүй кешендері, инфрақұрылым жоқ, соның салдарынан ойын-сауық және сауда орталықтары да табыла қоймайды. Мұнда бамбук бунгалалары, таза жағажайлар бар. Чанг қала өмірінен шаршаған, жаны тыныштықты қалайтын туристерге арзан демалыс ұсынады.
Самуи. Тайландтың аумағы жағынан үшінші үлкен аралы, Краби провинциясында орналасқан. Негізінен тыныш демалысты ұсынады — мұнда әлі күнге дейін жабайы жағажайлар көп, ал барлық түнгі өмір Чавенг жағажайында шоғырланған.
Самет. Районг провинциясындағы кішкентай арал. Жағадан 10 км қашықтықтағы Самет тазалығы мен адам аздығы таң қалдырады Оның аумағы - бар-жоғы 5 шаршы километр, бір құмды жағажайдан екінші жағажайға жаяу жетуге болады. Ал аралдағы жалғыз ауылдан алшақтаған сайын, соғұрлым адамдарды сирек кездестіресіз. Саметті тыныштық пен жалғыздықты іздегендерге кеңес беруге болады.
Тайландқа саяхат кезінде тек жағажай демалысымен шектелудің қажеті жоқ. Тайландтың кез келген жерінде әртүрлі экскурсиялар ұсынылады. Олардың барлығын төрт топқа бөлуге болады:
Көрікті жерлерге. Мүндай экскурсия кезінде туристер бүкіл аралды аралап, негізгі қолмен жасалған және табиғи көрікті жерлермен танысады. Сондай-ақ, әртүрлі қолөнер шеберханаларына барып, ерекше сувенирлер сатып ала алады. Барлық аралдарда экскурсиялар ұйымдастырылады, бірақ олардың ішіндегі ең қызықтысы мен атақтысы - Пхукетте.
Теңіздегі. Тайландтағы теңіз саяхаты - бұл кішкентай аралдар мен жағажайларда жүрдек қайықпен серуендеу. Пхукет аралынан теңіз саяхаттары Симиландар мен Пхи-Пхи-ға жалғасады, ал Пханг-Нга шығанағынан Краби архипелагына және тағы да ондаған аралдарға жетуге болады. Сонымен қатар, саяхатшылар Самуиден Ангхтонг теңіз қорығына, Пханган және Тао аралдарына бара алады. Самет және Чанг аралдарында жақын маңдағы кішкентай аралдарға саяхат танымал. Бұдан басқа, теңіз экскурсияларының қатарына күндізгі және түнгі балық аулау да кіреді, сондай-ақ катер бортынан күннің бату сәтін тамашалау мүмкін.
Құрлықтағы. Тайланд ұсынатын құрлықтағы турлар арасында пілдерге саяхат, джунглидегі треккинг, елдің ең көркем жолдарымен сарқырамаларға сапар, қорықтарда серуендеу және тағы басқалары бар.
Ойын-сауықтық. Бұл топқа кешкі шоулар, аквапарктерге, ойын-сауық саябақтарына серуен, балық аулау, спа орталықтары, дайвинг, тай боксын көру кіреді. Әрбір адам өзіне көңіл көтеру таба алады.
Егер уақыт көп болса, төрт экскурсияны да ұйымдастыруға болады. Демалыс ұзаққа созылмаса, ең болмағанда бір экскурсияны таңдау керек, сонда ғана саяхаттың рахаты сезіледі.
Есте сақтарлық жәйт, экскурсияны жоспарлау кезінде сенімді операторды таңдау өте маңызды. Кейбір агенттіктер ақшаны үнемдеуге және іс жүзінде орыс немесе ағылшын тілдерін білмейтін гидтермен турлар ұйымдастыруға тырысады, оның үстіне бәрі білетін маршурттармен ғана алып жүреді. Басқалары авторлық экскурсияларды ұсынады, олар қолайлы баға және гастрольдік сапармен ерекшеленеді. Мысалы, "Пхукет қазынасы" агенттігі Пханг Нга және Краби провинциясының аралдарына "Андаман таңы" турын ұйымдастырады. Бұл тур аралдарға таң атпай баруымен ерекшеленеді, сәйкесінше туристер басқа саяхатшылардың өатары көбейгенге дейін әдемі жағажайлар мен аралдарды тамашалайды. "Андаман таңының" бағыты да өзгеше — сізді қарапайым туристердің аяғы жетпеген жерлермен әкеледі.
Қосымша: Таиландтың туристік агенттіктері патшалықтың көрікті жерлеріне ғана емес, сонымен қатар көршілес елдерге - Малайзия, Сингапур, Камбоджа, Лаос және Филиппинге шағын турларды ұсынады. Мұндай турлардың ұзақтығы әдетте 1–4 күнді құрайды.
Тайландтың қайнаған кешкі өмірін әрбір турист көргісі келетін анық, себебі ол бүкіл әлемге әйгілі. Мұнда күн батқаннан кейін клубтар, жергілікті базарлар, концерт залдары мен барлар ашылады. Ендеше, кешке көруге болатын қызықтарды қарастырайық:
Мәдени-тарихи шоулар. Ең танымалы Пхукеттегі Fantasea және Siam Niramit шоуы. Мәдени-тарихи шоу - бұл Тайландтың тарихы, мерекелері мен фестивальдері, мәдениеті мен нанымдары туралы баяндайтын үлкен театрландырылған көрініс. Монументалды декорациялар, жүздеген әртістер мен бишілер, әсерлі хореография, нағыз пілдер - мұның бәрі тамашалауға тұрарлық дүние. Әдетте, қонақтарға кешкі ас-фуршет және сусындар ұсынылады.
Кабаре. Барлық рөлдерді ерлер орындайтын театрландырылған кабаре-шоу — Тайланд фишкаларының бірі. Әртістер әлемдік эстрада жұлдыздарына пародия салады. Елдің ең танымал кабаресі— Simon — Пхукет аралында орналасқан.
Тай боксы. Муай-тай жекпе-жектері өтетін стадиондар елдің барлық туристік орталықтарында бар. Шайқастарға тек тай ғана емес, еуропалық және американдық боксшылар да, кейде біздің отандастарымыз да қатысады.
Сығандармен кешкілік балық аулау. Теңіз сығандары - жұмбақ көшпелі халық, олар көптеген ғасырлардан бері оңтүстік теңіздерді кемелерімен аралайды. Сонымен қатар, олар ашық судың үстінде өмір сүреді. Сығандар білікті балықшылар болып саналады, Тайландқа саяхат балық аулаудың қыр-сырымен танысудың мүмкіндігі.
Шет елге демалуға баратын туристер ол жақтан құр қол қайтпайды. Әсіресе, қазақтар. Алыс ағайынына дейін ұмытпайтын отандастарымыздың ақшасы көбіне демалуға емес кәдесыйға кетіп жатады. Дегенмен, әр істің шешімін табуға болады. Назарларыңыға Тайландтан алуға болатын бюджетті заттарды ұсынамыз:
- Косметика және халық медицинасы: алоэ гелі; кристалдар түріндегі табиғи дезодоранттар, имбирмен, куркумамен қолмен жасалған түрлі сабын, бір реттік бетке арналған маскалар, тұзды скрабтар, бальзамдар және желатин капсулаларындағы әртүрлі өсімдік қоспалары.
- Тай ромы және басқа да алкогольдер: тай ромы ішіндегі танымалы - Ром Sang Som. Күріш шарабы және скорпиондағы Тай виски бар.
- Шай: жасмин шайы, женьшень шайы, орхидея жапырақтарынан дайындалған тайландтық көк шай.
- Жемістер: жергілікті кішкентай банандарды, манго және маракуйяны алып кету болады.
- Табиғи латекстен жасалған жастықтар мен матрастар.
- Киім және аксессуарлар: Тай жібегінен және матасынан қолдан тігілген киімдерді түнгі және қылқымалы базарлардан алуға болады. Сабаннан жасалған бас киімдер, таза былғарыдан жасалған аксессуарлар.
- Әшекейлер мен бижутерия: Тайландта табиғи тастан, інжуден, жезден, сондай-ақ ағаштан, кокос пен ракушкадан жасалған әшекейлер өте көп.