"Атом электр станциясын салу – ұзақмерзімді жоба. Алайда бұл бастама еліміздің орнықты дамуын онжылдықтарға ілгерілетеді, энергетикалық дербестігімізді нығайтады, экономиканың, ғылым мен білімнің түрлі саласын өркендетуге тың серпін береді, сондай-ақ инженерлер шоғыры мен әртүрлі бейіндегі мамандар легін қалыптастыруға ықпал етеді. Заманның талабы осы", - деді Мемлекет басшысы бейсенбіде барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының екінші республикалық форумында.
Ол АЭС құрылысының пайдасын қазіргі жастарымыз бен болашақ ұрпақ көретінін атап өтті.
Айта кетейік, 6 қазанда Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша республикалық референдум өтеді.
Фото: Akorda.kz