Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Қазақстанның цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы стратегиялық бағытын таныстырды.
Президенттің айтуынша, Қазақстан цифрлық мемлекет құруды басты стратегиялық мақсаттардың бірі ретінде қарастырады.
«Осы жыл Қазақстанда “Цифрландыру және жасанды интеллект жылы” деп жарияланды», – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев Alem.ai жасанды интеллект орталығының ашылғанын және елімізде екі суперкомпьютер іске қосылғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ келесі кезеңде «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құру жоспарланып отыр. Президенттің сөзінше, бұл жоба өңірге жетекші технологиялық компаниялар мен халықаралық цифрлық капиталды тартуға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы Қазақстанды аймақтық цифрлық хаб ретінде дамыту үшін көші-қон рәсімдері де жеңілдетіліп жатқанын айтты.
Атап айтқанда:
– шетелдік кәсіпкерлерге;
– инвесторларға;
– жоғары білікті мамандарға арналған «Алтын виза» енгізілген.
Президенттің мәліметінше, бұл виза иелері мемлекеттік және қаржылық қызметтерге Қазақстан азаматтарымен тең дәрежеде қол жеткізе алады.
Сонымен қатар елде:
– Цифрлық кодекс қабылданған;
– «Жасанды интеллект туралы» заң күшіне енген.
Тоқаев білім беру жүйесінде де жасанды интеллект технологияларын енгізуге ерекше назар аударылып отырғанын айтты.
Осыған байланысты Президент жақында жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу туралы жарлыққа қол қойғанын еске салды.
Мемлекет басшысы алдағы уақытта елдің цифрлық даму бағытын айқындайтын Digital Qazaqstan стратегиясы бекітілетінін де хабарлады.
Сондай-ақ Алматыда БҰҰ қолдауымен Тұрақты дамуға ықпал ететін цифрлық шешімдер орталығы ашылған.
Президенттің айтуынша, биыл Шымкентте «Жасанды интеллект және цифрлық даму» халықаралық конференциясы өтіп, түркі елдерінің осы бағыттағы ынтымақтастығын күшейте түс





