Дархан Сатыбалдының айтуынша бұған басты себеп - облыс бөлінгенде негізгі өндіріс орындары Шымкент қаласы аумағында қалып қойған.
"Бұл ретте, Түркістан облысы бөлінгенде негізгі өндіріс орындары Шымкент қаласы аумағында қалып қойғанын атап өткен жөн. Осыған байланысты, облыс бюджеті толықтай республикалық бюджет трансферттеріне тәуелді болып тұр", деді Дархан Сатыбалды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетейік, өткен 10 айда облыста өңірлік өнім көлемі 3 трлн. теңгеден асқан. Өнеркәсіп өнім көлемі 2 пайызға артып, 758 млрд. теңгені құраған. Өсім негізінен сүт, тоқыма және электр жабдықтары өндірісінің есебінен орын алған. Өзіндік кірістерді алдағы 5 жылда қосымша 100 млрд. теңгеге көбейту жоспарда екен.
Ұқсас материалдар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





