Астана. 14 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан экономикасы қаңтар айының қорытындысы бойынша 5,6% — ға өсті, деп хабарлады Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Үкімет отырысында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай Қазақстан экономикасы 2022 жылдың қорытындысы бойынша 3,1% — ға өсті. Қазақстан Президенті 2023 жылы Қазақстан экономикасының өсімін кемінде 4% деңгейіне жеткізу міндетін қойған еді.