
«Біз салық жеңілдіктерін оңтайландырамыз. Салық декларацияларының деректері бойынша сомасы 3,4 трлн теңгені қамтитын 453 норма жеңілдік деп танылды. Бүгінгі таңда сомасы 1,3 трлн теңгеден асатын 128 салық жеңілдігін алып тастау ұсынылып отыр», – деді вице-премьер.
Серік Жұманғарин Үкімет бұл мәселеде ашық жаңа жүйе құрып жатқанын еске салды.
«Біз салықтық жеңілдік туралы түсінік береміз. Жеңілдіктерді беру, ұзарту, қысқарту шарттарын белгілейміз. Жыл сайын олардың тиімділігіне мониторинг жүргізілетін болады», – деді ол.