«Biz Birgemiz» қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды.
Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 15 қарашада тергеу органдарына күдіктіге қатысты 2 айға дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш түскенін хабарлады.
«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2024 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен күдікті Қайрат П.-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат қанағаттандырылды», – делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етуге жатпайды.