Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

3 мың бастан астам мал су басқан аумақтардан қауіпсіз жерге шығарылды

3 мың бастан астам мал су басқан аумақтардан қауіпсіз жерге шығарылды

Су тасқынынан өлген жануарлардың иелеріне өтемақы төленеді. Ақтөбе облысына барған Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров осылай деді.

«Жедел деректерге сәйкес, 33 мыңнан астам бас мал су басқан аумақтардан қауіпсіз жерге шығарылды. Ауыл шаруашылығы жануарларының басым бөлігі аман қалды, мал иелеріне келтірілген шығынды анықтау жұмыстары жалғасуда. Комиссия қорытындысы бойынша өлген жануарлардың иелеріне өтемақы төленеді», - деді Айдарбек Сапаров.

Айта кетейік, сәуірдің 3-і күні Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ақтөбе облысына, мал шаруашылығына жауапты вице-министр Аманғали Бердалин Батыс Қазақстан облысына, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының м.а. Қайыржан Байжанов – Қостанай облысына іссапармен барды.

"Сапардың негізгі мақсаты – малды су басқан аймақтардан қауіпсіз қашықтыққа айдау бойынша жұмыстардың барысы мен нәтижелерін бақылау, ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне келтірілген залалды есепке алу алгоритмдері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстардағы аумақтық өкiлдiктерiнiң және Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың жұмысын бақылауды жүзеге асыру", деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Сапар барысында министрлік басшылығы су тасқынынан зардап шеккен ауылдық округтердегі шаруалармен және мал иелерімен кездескен.

Тұрғындар кездесу барысында несиені төлеу мерзімін кешіктірген жағдайда айыппұлсыз, мерзімін ұзарту туралы өтініштер айтқан. Бұл ауылшаруашылық жобаларымен байланысты несиелерге қатысты болса керек. Айдарбек Сапаров мәселені қарап, шаруалараға жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді.

Ұқсас материалдар