Энергетика министрлігі әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланған АИ-92 бензинінің қымбаттауы туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Ведомствоның мәлімдеуінше, жанар-жағармай бағасын көтеруге қойылған мораторий әлі де күшінде, ал АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасы 2025 жылғы 16 қазанда бекітілген деңгейде сақталып отыр.
Министрлік ақпараттық сервистер мен карталарда көрсетілген баға өзгерістері ресми негіз бола алмайтынын айтты. Егер белгілі бір жанармай бекетінде шекті бағадан жоғары тариф тіркелсе, жағдай әрбір нүкте бойынша жеке тексеріледі.
Бағаны бақылау Бәсекелестікті қорғау агенттігімен және өңірлік штабтармен бірлесіп жүргізілуде. Негізсіз қымбаттау анықталған жағдайда, жауапты тұлғаларға шара қолданылмақ.
Азаматтар жанармайдың шектен тыс қымбаттауын байқаса, келесі нөмірлерге хабарласуға болады:
+7 (701) 855 02 48, +7 (7172) 57 44 81.





