Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыда көктемде жүргізушісіз такси іске қосылады

 Алматыда көктемде жүргізушісіз такси іске қосылады

Алматыда 1 мамырға дейін жүргізушісіз такси қызметі пилоттық режимде іске қосылады.

Алғашқы кезеңде қала көшелеріне 50 автономды автокөлік шығарылады. Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Мейрам Дүйсеков мәлімдеді.

Жоба Yandex Kazakhstan компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады. Сонымен қатар қалада зияткерлік көлік жүйесі дамып жатыр: қоғамдық көліктер GPS пен бейнекамералармен жабдықталған, ONAY арқылы электронды төлем қолданылады. Жақын уақытта банк карталары мен Apple Pay, Samsung Pay арқылы төлеу енгізіледі.

Сондай-ақ 2026 жылы Алматы маңында төрт жолаушыға арналған аэротаксилер сынақтан өтпек.

Ұқсас материалдар