Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы $34 триллион доллардан асып, жаңа рекорд орнатты

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы $34 триллион доллардан асып, жаңа рекорд орнатты

АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, мемлекеттік қарыз сейсенбіде 34,001 триллион долларға жетті. Америкалық БАҚ бұл деңгейге болжамнан ерте жетті, деп жазуда.

"2020 жылы басталған COVID-19 індеті елдің экономикалық дамуының тежелуіне әкелді. Үкімет сол кездегі президент Дональд Трамп пен қазіргі президент Джо Байден тұсында экономиканы тұрақтандыру және оның қалпына келуіне қолдау көрсету үшін көп қарыз алды. Алайда бұл инфляцияның өсуіне, одан әрі пайыздық мөлшерлемелердің көтерілуіне және қарыздарға қызмет көрсету артық шығындарға әкелді", деп жазады AP.

Сарапшылар болса, болашағымыз бұлыңғыр дейді.

«Осы уақытқа дейін Вашингтон ақшаны шексіз ресурстары бар сияқты жұмсады. Тегін түскі ас болмайды. Меніңше болашақ бұлыңғыр», - дейді Лойола Мэримаунт университетінің экономика профессоры Сунг Вон Сон БАҚ-на берген сұхбатында.

Қазіргі кезде АҚШ-тың қарызы бір адамға шаққанда шамамен 100 мың долларды құрайды.

Мемлекеттік қарыз әзірге америка экономикасына қысым көрсетпейтін сияқты, бірақ оның алдағы онжылдықтарда үздіксіз өсуі ұлттық қауіпсіздікке және әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық көмек сияқты маңызды шығындарға қауіп төндіруі мүмкін, деп жазады ABC News.

Сонымен қатар, егер инвесторлар АҚШ-тың қарызды өтеуге дайын екендігіне сенімді болмаса, Конгресстегі қарыз лимиті бойынша алдағы уақытта болуы мүмкін қақтығыстар қаржылық тәуекелге айналуы мүмкін. Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және Еуропа елдері сияқты АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларын ірі шетелдік сатып алушылар оларға инвестиция салуды азайтты. Петерсон қорының мәліметі бойынша, АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларына шетелдік инвестиция 2011 жылы 49%-ға жетті және 2022 жылдың соңына қарай 30%-ға дейін төмендеді.

 «Қаржы министрлігі наурыз айының соңына қарай 1 триллион долларға жуық қарыз алуды жоспарлап отырғандықтан, болашақта қарыз күрт өсуін жалғастырады. Жыл сайын қарыздың триллиондап өсуі ел болашағын ойлайтын кез-клеген саясаткер үшін стоп-сигналы болуы тиіс», - дейді Қордың бас атқарушы директоры Майкл Петерсон.

Ұқсас материалдар