
Тамызда «Банк ЦентрКредит» 30 млрд теңге мемлекеттік көмекті толық өтейді.
Директорлар кеңесі 30 млн субординирленген облигацияны кері сатып алу туралы шешім қабылдады.
Бұл қадам Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың банктерге 2017-2020 жылдары көрсетілген мемлекеттік қолдауды еске салған мәлімдемесінен кейін жасалды.
Мемлекеттік көмек бұған дейін Jusan, «Еуразиялық банк», «Нұрбанк», RBK және «Халық банкіне» де көрсетілген. Қаражаттың бір бөлігі Ұлттық қордан бөлініп, қайтару мерзімі 15 жыл деп бекітілген еді.