Банкаралық бірыңғай QR жүйесі жыл соңына дейін іске қосылады – Тимур Сүлейменов
Ұлттық банктің еншілесі Ұлттық төлем корпорациясы банкаралық бірыңғай QR кодтарды 2024 жылдың соңына дейін іске қосады. Бұл туралы бүгін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Базалық мөлшерлеме тақырыбына арналған брифингте журналистердің көпшілігінің сұрағы бірыңғай QR-ға қатысты болды. БАҚ өкілдерінің пікірінше қазір QR төлемдерге қатысты мәселе жоқ. Керісінше енгізілген жағдайда кейбір мемлекеттік цифрлық қызметтер сияқты мәселелер туындауы мүмкін. Және қазіргідей түрлі апаттар көбейген қиын кезеңде бюджеттен қаржы шығарып, қосымша қызмет енгізу қажет пе, деп сұрады.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша ҰБ-тің еншілесі Ұлттық төлем корпорациясы жүзеге асырып жатқан қызметтің негізгі идеясы - жеке банктерге тиеселі QR төлемді барлық банк тұтынушылары қолдана алатын жүйе құру.
Ол бұл жүйе транзакциялардың кедергісіз болуын қамтамасыз ету үшін жасалып жатқанын атап өтті.
Оның пікірінше биылғы жылдың соңына қазақстандық банктердің басым бөлігін қосу арқылы пилоттық жағдайда іске қосылады. Ал келесі жылы барлық банктерді қамтиды және толыққанды жұмыс істей бастайды.
«Банктер белсенді жұмыс істеуде, олар мұның жүйе үшін, біз бен біз үшін, тұтынушылар үшін пайдалы екенін түсінеді және өздері үшін белгілі бір экономикалық пайданы түсінеді, егер нарықты кеңейтсең, транзакция көбірек болады», - деп қосты ҰБ төрағасы.
Айта кетейік, Қазақстанда барлық банк үшін бірыңғай QR коды енгізілетіні 2022 жылы хабарланған.