Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, таратуға және шетелдік банктер филиалдарының қызметін тоқтатуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы қаулы жобасын әзірледі.
Құжат «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң жобасын іске асыру аясында дайындалған. Онда банкті банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қайта құру, ислам банкіне айналдыру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару немесе оларды басқа банкке аудару тәртібі белгіленеді.
Қаулы жобасының толық мәтіні «Ашық НҚА» порталында және Агенттіктің ресми сайтында жарияланған.





