Премьер-Министр Олжас Бектенов елімізде тұрғын үй саясатына қатысты бірқатар проблеманы атады.
«Көріп отырғанымыздай, тұрғын үймен қамту құралдарының барлығы бірдей тиімді әрі толыққанды қолданылып отырған жоқ. Сондықтан өңірлерде бөлінген қаражатты уақтылы игеріп, ұсынылған құралдарды пайдалану қажет», – деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ Премьер-министр баспана кезегінде тұрғандардың қолданыстағы тізімін жаңарту керектігін айтты.
– Мен тізімдерді түгендеп, бір жүйеге келтіруді тапсырған болатынмын. Бірақ, бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Сондықтан оны тездету керек. Баспана кезегінде, шынымен мұқтаж азаматтар ғана болу керек. Сондай-ақ инженерлік желілерді тарту мәселесіне де назар аударғым келеді. Инфрақұрылымның жоқтығынан объектілерді іске қосу тым ұзаққа созылып кетуде. Мұндай мысал әр өңірде бар, – дейді ол.