Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Бектенов көлеңкелі экономика үлесін төмендету үшін ЖИ енгізуді тапсырды

Бектенов көлеңкелі экономика үлесін төмендету үшін ЖИ енгізуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қаржы министрі Мәди Такиев пен қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов баяндады, деп хабарлады primeminister.kz. 

«Мемлекет басшысы биыл Жалпы ішкі өнімдегі көлеңкелі экономика үлесін 15%-ға дейін азайту міндетін қойды. Бұл көрсеткішті одан әрі төмендете беруге тиіспіз. Бізге таза әрі ашық экономика керек. Осы бағытта барлық мемлекеттік органдар мен бизнес субъектілерінің жұмысын күшейту қажет. Бұл жұмыс тек хат-хабар алмасып, есеп берумен ғана шектелмеуге тиіс. Экономика және салық тұрақтылығы, цифрландыру, сондай-ақ бизнес жүргізуді оңайлату ісінде сапалы әрі кешенді шешімдер қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


Үкімет басшысының айтуынша бірқатар секторда, оның ішінде сауда, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында цифрландыру деңгейі әлі де жеткіліксіз деңгейде. Барлық мүдделі министрліктерге өз саласында жаппай цифрландыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Оның ішінде экономиканы цифрлық жаңғырту шеңберінде мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік органдар арасында көш бастауы тиіс. Осыған байланысты жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі келесі жылы Мемлекеттік кірістер комитетінің өз алдына Деректерді өңдеу орталығын құруы керек. 

Көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі шараларды қарау қорытындысы бойынша Премьер-министр жауапты ведомстволарға бірқатар тапсырма берді:

  • Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері нақты ұсыныстарды енгізе отырып, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың тиімділігі туралы жыл сайынғы кеңейтілген талдамалық баяндаманы әзірлеуді қамтамасыз етсін. 

  • Заңды тұлғаларды тіркеу мен қайта тіркеуді қадағалап отыру үшін Әділет, Қаржы, Жасанды интеллект министрліктеріне Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, осы жылдың 25 қарашасына дейін тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жұмыстарын аяқтау тапсырылды.

  • Талдау дәлдігі мен әкімшілендіру сапасын арттыру үшін мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды күшейту қажет. Осыған байланысты Қаржы, Жасанды интеллект министрліктері және басқа да мемлекеттік органдар деректерді Smart Data Finance жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етсін. 

Үйлестіру мен бақылау жұмыстары Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге тапсырды. 



Ұқсас материалдар