Coindesk мәліметтері бойынша, бүгін биткойн бағасы 0,7%-ға өсіп, 88,616 мың долларға жетті.
Ал кеше сауда-саттық кезінде баға 89,622 мың долларға дейін көтерілген еді. Айта кету керек, жыл басынан бері биткойн құны екі есеге өсіп, ал соңғы бес сессияда 28%-ға артты.
Биткойн мен басқа да криптовалюталардың өсуіне АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамптың жеңіске жетуі себеп болды. Себебі, Трамп цифрлық активтерді қолдайтынын бірнеше рет мәлімдеген еді.
Deribit биржасының деректеріне сәйкес, опциондар нарығының қатысушылары биткойн бағасының осы жылдың соңына дейін 100 мың АҚШ долларға жетеді деп болжап, ставкаларын күшейтіп жатыр.
Pepperstone Group зерттеу бөлімінің басшысы Крис Уэстон: «Трейдерлер үшін негізгі сұрақ мынау. Осы раллиге қатысып үлгеру мүмкіндігі бар ма, әлде аздаған түзетуді күту керек пе?» – деп мәлімдеді.